Астана қ., Алмұқан Сембинов көшесі, 23

Есеп және аудит

Есеп және аудит

Грант 2026 Бухгалтер ұйымның ақшасы қайдан келіп, қайда кететінін қадағалайды: құжаттарды қабылдайды, есеп жүргізеді, салық пен жалақыны есептейді, есептілік тапсырады.

Бухгалтер-кассир кассаны және адамдармен есеп айырысуды жүргізеді. 2026 жылы екі біліктілікке де 9-сынып негізінде гранттар бөлінді.

Біліктіліктер

  • Бухгалтер4S04110102Грант 20269-сыныптан кейін: 3 ж. 10 ай · 11-сыныптан кейін: қабылдау комиссиясынан нақтылаңыз
  • Бухгалтер-кассир3W04110101Грант 20269-сыныптан кейін: 2 ж. · 11-сыныптан кейін: қабылдау комиссиясынан нақтылаңыз
Коды
04110100
Оқыту тілі
қазақ, орыс
Оқу түрі
күндізгі
Түсу
Аттестаттың орташа балы бойынша конкурс; 11-сыныптан кейін — аттестат немесе КТА нәтижелері.

Не үйретеді

Бухгалтерлік есеп

Шоттар жоспары, қос жазба, бастапқы құжаттар, мүлік пен міндеттемелер есебі.

Салықтар

Ұйымның салықтарын қалай есептеп, төлеп, салық органына есеп беру.

Жалақы және кадрлар

Жалақы, демалыс ақысы мен ұстап қалуларды есептеу, қызметкерлермен есеп айырысу.

Касса және есеп айырысу

Кассалық операциялар, банктік төлемдер, контрагенттермен жұмыс.

Компьютердегі есеп

Бухгалтерлік бағдарламалар және электрондық есептілік.

Аудит және талдау

Есепті тексеру, есептілікті талдау, ұйым экономикасы.

Оқу қалай өтеді

  1. 1
    1 курс

    Жалпы білім беретін пәндер, экономика және бухгалтерлік есеп негіздері.

  2. 2
    2 курс

    Қаржылық есеп, салықтар, жалақы есебі, есеп бағдарламаларындағы жұмыс.

  3. 3
    3 курс

    Есептілік, аудит және талдау, өндірістік тәжірибе және дипломдық жұмыс.

Сабақтан көріністер

Түлектер кім болып жұмыс істейді

Бухгалтерлік, жедел, статистикалық және салық есебі, қаржы-шаруашылық қызметін бақылау мен талдау, аудит — компанияларда, банктерде және мемлекеттік мекемелерде.

Тәжірибе қайда өтеді

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ, Астананың Алматы ауданы бойынша салық басқармасы, «АРКС ақпараттық-есептеу орталығы» РМК, «KAZGOR» ЖШС, «TRANS-SERVIS-KZ» ЖШС және басқа да ұйымдар.

Қабылдау комиссиясы

Сембинов көшесі, 23 («Мегастрой» СҮ жанында), дс–жм 9:00-ден 18:00-ге дейін.

+7 (7172) 52-15-19 · +7 (778) 928-86-45

Share