Астана қ., Алмұқан Сембинов көшесі, 23

«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктанты өтті

Диктантқа ұстаздар да, студенттер қатысты

Астана қаласының әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс Күні қарсаңында Экономика-заң колледжінде 2023 ж. 4 мамыр күні «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктанты өтті.

Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұрағаттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында жазылған диктантқа Экономика-заң колледжінен 58 студент және 10 оқытушы қатысты.

Share