Құқықтану мамандығы бойынша бітірушілер кәсіби қызметің құқық қорғау органдарында, сот органдарында, әділет органдарында, мемлекеттік органдарында коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс істеуге және кәсіби заңдылық қызметтерді тәжірибелік тұрғыдан пайдалану құзыреттерін игереді
Оқу мерзімі:
- 9 класс базасында — 2 ж. 10 а,
- 11 класс базасында — 1 ж. 10 а.
04210100 «Құқықтану». Профильді (бейімделген) пәндер
Заңгер – Орта буын маманының базалық компетенциясы
- Жұмыс орнын ұйымдастыруға;
- Кәсіпорынның құқықтық қызметінде нормативтік құқықтық құжаттарды қолдануға;
- Еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың экономикалық негіздерін меңгеруге;
- Көрсетілетін қызметтің барлық түрлерін орындауға;
- Қызмет көрсетуді жүзеге асыру құралдары мен ең тиімді әдістерін таңдауға;
- Еңбек ету барысында білім мен дағдыларды жаңартып отыруға;
- Қызмет көрсету кезінде этикалық және эстетикалық мәдениетті сақтауға;
- Жоғары білікті маманның басшылығымен түрлі жұмыстарорындауға міндетті.
- Білім беру бағдарламаларын меңгерту нәтижесінде кеңесші – заңгер маманы талаптарды білуге міндетті
Заңгер – Орта буын маманының кәсіби компетенциясы
- Құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдарға әртүрлі құқық құжаттарын рәсімдеуге, құқықтық көмек көрсетуге;
- Кәсіпорында әдістемелік басшылықты құқықтық тұрғыда жүзеге асыруға;
- Өтемақы төлемдерін алу құқығына, еңбек дауларын шешу тәртібін түсіндіруге және талқылауға;
- Азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етуде еңбек туралы заң нормаларын қолдануға;
- Кіріс және шығыс құжаттарды есепке алу және тіркей алуға;
- Пайдалы кеңес беру және құқықтық сипаттағы құжаттарды рәсімдеуге көмектесуге;
- Тұрғындарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетуге;
- Кәсіппкерлердің мүліктік құқығы мен мүдделерін қорғауға көмек көрсетуге міндетті.
- Орта буынды маманның біліктілік деңгейінің білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушыны даярлауға қойылатын талаптар
Кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келетін арнайы құзыреттерге ие болуы тиіс:
- Азаматтық-құқықтық шарттарды, азаматтық іс жүргізу және нотариалдық құжаттарды құрастыру әдістерін меңгеруге;
- Жұмысшыларды тәртіптік және материалдық жауаптылыққа тарту жөнінде құжаттарды ресімдеуге;
- Орындалатын жұмыстың сапасын қамтамасыз етуге;
- Көрсетілетін қызмет түрлерінің орындалу әдіс-тәсілдерін жетілдіруге;
- Кәсіби этиканы сақтауға міндетті.