Мазмұнға өту
Құжат қабылдау — 25 маусымнан2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Құжат қабылдау: 25 маусым — 18 тамыз12 күн қалды2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Оқуға қабылдау — 31 тамызға дейінТізімдер мен жатақхана — қабылдау комиссиясында+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Келесі қабылдау — 2027 жылғы 25 маусымнан2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp

Білім беру1 мин оқу

Қазақстандық колледждерде WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтихандар енгізіліп жатыр

Күллі әлемге танымал WorldSkills қозғалысы Қазақстанда белсенді дамып келеді.

Қазақстандық колледждерде WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтихандар енгізіліп жатыр

Күллі әлемге танымал WorldSkills қозғалысы Қазақстанда белсенді дамып келеді. Өңірлік және республикалық чемпионаттарды ұйымдастыру мен өткізу жүйесі жетілдіріліп, әріптестік институттары мен сарапшылар қоғамдастығы да дамытылып жатыр. Бұл туралы бүгін WorldSkills Kazakhstan Бас Ассамблеясының кезекті отырысында айтылды.

Қазақстан WorldSkills бағдарламасына 2014 жылы қатысып, WSI-нің 70-ші мүшесі атанды. Аз уақыттың ішінде қазақстандық студенттер әлемдік чемпионаттарда жақсы нәтижелер көрсетті.

"WorldSkills қозғалысына біз жетінші жыл қатарынан қатысып келеміз. Осы уақыт ішінде Қазақстан 50-орыннан 14-орынға дейін көтерілді. 2019 жылы біздің студенттер жалпыкомандалық есепте 63 қатысушы елдің арасында 14-ші орынға ие болғанын естеріңізге сала кетейін. Бұл — жақсы нәтиже. Қазақстан жұмысшы мамандарды даярлау саласындағы үздік практикалардың бенчмаркингі үшін бұл қозғалысты одан әрі дамытатын болады. Атап айтқанда, біз WorldSkills стандарттарын оқу процесіне енгізіп, колледждерде демонстрациялық емтихандарды өткіземіз. Сондай-ақ сарапшыларды оқыту және сертификаттау бойынша жұмысты ұйымдастырамыз", — деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

2020 жылы WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан өткізу бойынша ұсыныстар әзірленіп, еліміздің 36 колледжіне емтиханның демо-нұсқасын енгізу басталды. Сонымен бірге өткен жылы WorldSkills Қамқоршылық кеңесі құрылды. AgroSkills, "Kazakhmys" корпоративтік чемпионаты және басқа да салалық бағыттар бизнестің қатысуымен жетілдіріп келеді.

WorldSkills — бұл жұмысшы мамандықтары бойынша кадрларды даярлау сапасын арттыруға және оларды жастар арасында танымал етуге бағытталған халықаралық қозғалыс.

gov.kz

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Колледж өмірі

«Қамқор Астана» қорының лекторы 1-курс студенттерімен діни экстремизмнің алдын алу туралы әңгімелесті

Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасына қарасты «Қамқор Астана» қоғамдық қорының лекторы Мұратбек Дәрібай колледждің 1-курс студенттерімен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында әңгіме өткізді.

Өтінім беруСұрақ қою