Мазмұнға өту
Құжат қабылдау — 25 маусымнан2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Құжат қабылдау: 25 маусым — 18 тамыз12 күн қалды2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Оқуға қабылдау — 31 тамызға дейінТізімдер мен жатақхана — қабылдау комиссиясында+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Келесі қабылдау — 2027 жылғы 25 маусымнан2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp

Білім беру1 мин оқу

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясының күші тоқтатылды

Жоспардан тыс тексеру барысында ЖОО-да сабақтар кесте бойынша өткізілмейтіні анықталды.

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясының күші тоқтатылды

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің білім сапасына қатысты шағым келіп түсті. Осыған байланысты жоғары оқу орнында жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оқу процесінің ұйымдастырылуын бақылау қорытындысы бойынша университет лицензиясын заң бұзушылықтарды жойғанға дейін тоқтату туралы шешім қабылданды.

Жүргізілген бақылау барысында Шет тілдер және іскерлік карьера университеті студенттерінің білімі тексерілді. Білім алушылардың 97%-ы шекті балды еңсере алмады және оқу процесінде алған білімі мен құзыреттерін жеткілікті деңгейде растай алмады.

«Жоспардан тыс тексеру барысында ЖОО-да сабақтар кесте бойынша өткізілмейтіні анықталды. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру нәтижелері ЖОО-дағы білім беру сапасының төмен деңгейін көрсетті. Одан бөлек, оқу орны кадрлар даярлау бойынша жұмыс берушілермен белсенді жұмыс істемейтіні де байқалды. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде академиялық адалдық қағидаттары да сақталмайды. Мәселен, ШТІКУ студенттерінің курстық жұмыстары өзге адамның еңбегін көшіріп алуды тексеру жүйесінен өтпейді, ал дипломдық жұмыстар бойынша академиялық қағидалар бұзылғаны анықталса да қорғауға жіберілген жағдайлар тіркелді. Жалпы, университет білім беру саласындағы заңнаманы өрескел бұзуға жол берген», — деді Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында БҒМ тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау бойынша рейтинг дайындаған болатын. Жұмыс берушілердің пікірінше 10 аутсайдер ЖОО анықталды, олардың қатарында Шет тілдер және іскерлік карьера университеті де болды.

Заңнамаға сәйкес ЖОО лицензиясының күші тоқтатылған жағдайда, студенттер оқу орнында анықталған бұзушылықтардың жойылуын күтпей-ақ, басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.

gov.kz

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Колледж өмірі

«Қамқор Астана» қорының лекторы 1-курс студенттерімен діни экстремизмнің алдын алу туралы әңгімелесті

Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасына қарасты «Қамқор Астана» қоғамдық қорының лекторы Мұратбек Дәрібай колледждің 1-курс студенттерімен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында әңгіме өткізді.

Өтінім беруСұрақ қою