Мазмұнға өту
Құжат қабылдау — 25 маусымнан2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Құжат қабылдау: 25 маусым — 18 тамыз12 күн қалды2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Оқуға қабылдау — 31 тамызға дейінТізімдер мен жатақхана — қабылдау комиссиясында+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Келесі қабылдау — 2027 жылғы 25 маусымнан2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp

Білім беру1 мин оқу

Аймақтық жоғары оқу орындары нақты критерийлер бойынша іріктелетін болады – министр Асхат Аймағамбетов

Енді академиялық және басқарушылық еркіндік қазақстандық колледждерге де беріледі.

Аймақтық жоғары оқу орындары нақты критерийлер бойынша іріктелетін болады – министр Асхат Аймағамбетов

Қазақстанда 15 аймақтық жоғары оқу орны дамытылады. Олар нақты критерийлер бойынша іріктеп алынады. Аталған жоғары оқу орындары дарынды жастарды жинайтын өңірлік орталықтарға айналмақ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Нақты критерийлер бойынша 15 өңірлік жоғары оқу орнын іріктеп аламыз. Осы университеттер арқылы өңірлердегі білім сапасын арттыру үшін нысаналы қаржы бөліп, оларды жаңа зертханалармен қамтамасыз етеміз. Ол оқу орнындарында жаңа білім бағдарламалары да ашылады. Сонымен қатар сапасыз жоғары оқу орындарын жабу бойынша жұмыстар да жалғасын табады», – деп атап өтті министр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білім беру жүйесінде академиялық адалдықты бұзғаны және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттері үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігі күшейтілді. Жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілген болатын. Енді академиялық және басқарушылық еркіндік қазақстандық колледждерге де беріледі.

«Колледждерге академиялық дербестік беріледі. Аталған шара білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге, білім сапасын арттыруға, оқу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Сол арқылы түлектер тезірек жұмысқа орналаса алады», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Колледждерге академиялық еркіндік беру – кадрларды даярлауда икемділікті қамтамасыз етіп, оқу орындарының жұмыс берушілермен бірлесе отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту мерзімдері мен траекториясын айқындауға мүмкіндік береді.

gov.kz

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Колледж өмірі

«Қамқор Астана» қорының лекторы 1-курс студенттерімен діни экстремизмнің алдын алу туралы әңгімелесті

Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасына қарасты «Қамқор Астана» қоғамдық қорының лекторы Мұратбек Дәрібай колледждің 1-курс студенттерімен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында әңгіме өткізді.

Өтінім беруСұрақ қою