Мазмұнға өту
Құжат қабылдау — 25 маусымнан2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Құжат қабылдау: 25 маусым — 18 тамыз12 күн қалды2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Оқуға қабылдау — 31 тамызға дейінТізімдер мен жатақхана — қабылдау комиссиясында+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Келесі қабылдау — 2027 жылғы 25 маусымнан2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp

ҚабылдауКолледж баспасөз қызметі2 мин оқу

2022-2023 оқу жылына Экономика-заң колледжіне түсу үшін құжаттар қабылдау басталды

2022 жылдың 25 маусымынан бастап 2022-2023 оқу жылына Барлық мамандықтарға талапкерлерді қабылдау бойынша Қабылдау комиссиясы жұмысын бастайды.

2022-2023 оқу жылына Экономика-заң колледжіне түсу үшін құжаттар қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан қаласының Экономика-заң колледжі тұрақты түрде (әрбір 5 жыл сайын) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттестациясынан сәтті өтеді, соңғы аттестация 2020 жылы өтті, колледжге мемлекеттік үлгідегі дипломдарды беру құқығымен №15001761 Бас лицензия берілді.

Колледжде бір қатар жеңілдіктер мен гранттар бар. Колледжге Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ негізгі орта білімі бар (негізгі жалпы), жалпы орта (орталай жалпы), техникалық және кәсіптік (бастапқы кәсіптік және орташа кәсіпті), орташадан кейінгі, жоғарғы (жоғарғы кәсіпті) білімі бар адамдар қабылданады.

Сапалы білім — қолжетімді бағамен!

Колледжде күндізгі және қашықтық оқу формасына келесідей мамандықтарға қабылдау жүріп жатыр:

  • 04210100 — Құқықтану
  • 02120100 — Интерьер дизайны
  • 04110100 — Есеп және аудит
  • 04120100 — Банк және сақтандыру ісі
  • 10150100 — Туризм
  • 04120200 — Бағалау (түрлері бойынша)
  • 10130100 — Қонақ үй бизнесі
  • 06130100 — Бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)

Экономика-заң колледжіне түсетін азаматтардың өтініштерін қабылдау, яғни күндігі формаға 25-шы маусымнан 25-шы тамызға дейін, ал қашықтық оқу формасына 25-шы маусымнан 20-шы қыркүйекке дейін. Күндізгі оқу формасына қабылдау емтихандары 1-ші тамыздан 28-гі тамыз аралығында, ал қашықтық оқу формасына 1-ші тамыздан 25-ші қыркүйек аралығында болады.

экономика-заң колледжіне түсушілер өтінішпен бірге білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, №075-У формасын флюросурет қосымшасымен медициналық анықтама (І, ІІ топтағы мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге — медика-әлеуметтік сараптама үкім), 4 фотосурет 3x4 мөлшердегі (шығармашылық мамандықтар үшін 5 фотосурет), жалпы білім беретін мектеп түлектеріне ағымдағы жылда алын біріңғай ұлттық тестілеу сертификаты немеме кешенді тестілеу сертификаты қажет. Құжаттар, жеке куәлікті, паспорт, туу туралы куәлікті тапсырушы өзі көрсету керек.

Нұр-Сұлтан қаласының Экономика-заң колледжімен байланыс

Экономика-заң колледжі, Нұр-Сұлтан қаласы, Сембинов көшесі №23 «Автопарк №2» аялдамасы, жүретін автобустар № 5, 8, 14, 1, 22, 40, 64, 72

, 52-15-19

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Колледж өмірі

Дизайнер студент Ажар Базарқұл «Ақбота» республикалық олимпиадасында жеңіске жетті

«Интерьер дизайны» мамандығының Д-2А тобының студенті Ажар Нұркенқызы Базарқұл мектеп оқушылары мен студенттерге арналған «Ақбота» I республикалық пән олимпиадасында көркем еңбек пәнінен I орын алды.

Колледж өмірі

Дизайнер студент Ақбота Сағидолла «Ілияс оқулары» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

«Интерьер дизайны» мамандығының Д-2А тобының студенті Ақбота Мадьярқызы Сағидолла халықаралық қатысумен өтетін «Ілияс оқулары» республикалық шығармашылық байқауында 1-орын алып, I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Өтінім беруСұрақ қою