Мазмұнға өту
Құжат қабылдау — 25 маусымнан2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Құжат қабылдау: 25 маусым — 18 тамыз12 күн қалды2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Оқуға қабылдау — 31 тамызға дейінТізімдер мен жатақхана — қабылдау комиссиясында+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Келесі қабылдау — 2027 жылғы 25 маусымнан2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp

ҚабылдауКолледж баспасөз қызметі1 мин оқу

«Интерьер дизайнері» мамандығына мемлекеттік тапсырыс бойынша және басқа мамандықтарға ақылы негізде қабылдау

«Интерьер дизайнері» мамандығына мемлекеттік тапсырыс бойынша және басқа мамандықтарға ақылы негізде қабылдау

2025-2026 оқу жылына талапкерлерді қабылдау басталды

Құрметті талапкерлер мен ата-аналар! Астана қаласының Экономика-заң колледжі заман талабына сай «Интерьер дизайнері» шығармашылық мамандығына оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін Мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінгенін зор қуанышпен хабарлайды.

Бұл — сапалы әрі заманауи білімді тегін алудың таптырмас мүмкіндігі!

Расталған білім сапасы:

Колледжіміз Институционалдық және мамандандырылған тәуелсіз аккредиттеуден, сондай-ақ 2023 жылы Мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті. Бұл — мамандарды даярлаудың жоғары деңгейінің кепілі.

Оқу шарттары және мамандықтар

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқыту (тегін):

  • Мамандық: «Интерьер дизайнері» (9-сынып негізінде).
  • Оқыту тілдері: Қазақ және орыс.
  • Шығармашылық мамандыққа құжат қабылдау: 2025 жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында.

Ақылы негізде оқыту:

  • Құқықтану
  • Есеп және аудит
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
  • Аталған мамандықтарға құжат қабылдау: 2025 жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында (9-сынып негізінде).

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:

  1. Қабылдау туралы өтініш.
  2. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат).
  3. 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет.
  4. № 075-У нысанындағы медициналық анықтама.
  5. Жеке басын куәландыратын құжат және оның көшірмесі.

Сіздерді қабылдау комиссиясында келесі мекенжай бойынша күтеміз:

Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Әлмұхан Сембинов көшесі, 23-үй.

Байланыс ақпараты:

  • Қабылдау комиссиясының телефондары:
    • 8 (7172) 52-15-19
    • 8 (702) 607-84-69
    • +7 (777) 178-54-49, +7 (777) 884-80-01
  • Ресми сайт: euk.edu.kz

Қабылдау комиссиясы сіздер үшін жұмыс істейді! Дер кезінде кеңес алып, құжаттарыңызды тапсырып үлгеріңіз!

Іс-шарадан фото

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Колледж өмірі

Дизайнер студент Ажар Базарқұл «Ақбота» республикалық олимпиадасында жеңіске жетті

«Интерьер дизайны» мамандығының Д-2А тобының студенті Ажар Нұркенқызы Базарқұл мектеп оқушылары мен студенттерге арналған «Ақбота» I республикалық пән олимпиадасында көркем еңбек пәнінен I орын алды.

Колледж өмірі

Дизайнер студент Ақбота Сағидолла «Ілияс оқулары» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

«Интерьер дизайны» мамандығының Д-2А тобының студенті Ақбота Мадьярқызы Сағидолла халықаралық қатысумен өтетін «Ілияс оқулары» республикалық шығармашылық байқауында 1-орын алып, I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Өтінім беруСұрақ қою