№ 3 қалалық емхананың мамандары 1-курс студенттеріне бейімделу және денсаулық туралы семинарлар өткізді
Астана қаласы № 3 қалалық емханасының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің мамандары колледждің 1-курс студенттеріне бірнеше сабақ өткізді.

Психолог М. Карина «Колледжге бейімделу: жаңа кезең — жаңа мүмкіндіктер және топтың ынтымағы» семинарында студенттерге жаңа ортаға үйренісуге көмектесті. Салауатты өмір салты дәрігері А. Ізім «Денсаулықты таңда: темекіден бас тарт!» семинар-тренингін және өкпе туберкулезінің алдын алу туралы семинар өткізді.
Дереккөз: колледждің Instagram парақшасы @euk.kz — жазба.


