Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұны еңбек нарығына сай қайта қаралуда: сұранысы жоқ мамандықтар алынып тасталуы мүмкін, ал бағдарламалар микробіліктіліктермен толықтырылады.
Оқу-ағарту министрінің айтуынша, сұраныстың болмауына байланысты 32 мамандықты және 41 жұмысшы біліктілігін алып тастау мәселесі қаралуда. Еңбек нарығының талаптарына сай келмейтін 66 білім беру бағдарламасы тізілімнен шығарылды.
552 кәсіптік стандарт негізінде 14 494 білім беру бағдарламасы әзірленді, оның 4 348-і жұмысшы біліктіліктері бойынша. Қазір колледждер 188 мамандық бойынша кадр даярлайды.
Біздің колледждің төрт мамандығы да — интерьер дизайны, есеп және аудит, құқықтану және бағдарламалық қамтамасыз ету — сұранысқа ие және тізбеде қалады. Толығырақ — «Мамандықтар» бөлімінде.
Zakon.kz материалдары бойынша: zakon.kz