2020 жылдың ақпан айында "Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы" коммерциялық емес мекеме (АТҚО) Нұр-сұлтан қаласының Экономика-заң колледжінде аккредиттеу рәсімін өткізді.
АТҚО қорытындысына сәйкес, Экономика-заң колледжінде үздік материалдық база бар, оған заманауи әрленген екі қабатты оқу корпусы, 50 компьютері бар 3 компьютер сыныбы, 2012 жылы салынған жаңа бес қабатты жайлы жатақхана кіреді. Сондай-ақ, колледждің лицензияланған мамандықтардың барлық бағыттары бойынша 15 мың данадан астам оқу және әдістемелік әдебиеттің жақсы қоры, ауданы 144 шаршы метр спортзал, 150 студентке арналған акт залы, лицензияланған медициналық кабинет бар. Колледждің оқытушылар құрамына 3 ғылым кандидаты - доценттер, 1 ғылым кандидаты - профессор, 5 магистр кіреді. Колледждегі оқу үдерісі техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына негізделген типтік жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Сондықтан Нұр-сұлтан қаласының Экономика-заң колледжі аккредиттеу стандарттарының барлық критерийлерін орындады.