Экономикалық-заң колледждің жаңалықтар

Ғалымдар отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді

Ғалымдар отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді

Ол басқа вакциналарға қарағанда қауіпсіз әрі тиімді әсер етеді.

Отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу барысында жылдар бойы жақсы нәтиже беріп келген технология қолданылды. Вакцинаның барлық құрамдас бөлігі басқа да вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылып келеді, сондықтан сенімді компоненттерден тұрады.

Инактивті вакцинаның платформасы қауіпсіз болып табылады. Халықтың көпшілігі вакцинаның құрамындағы компоненттерді басқа да вакциналар арқылы бұған дейін де қабылдаған. QazCovid-in препаратын әзірлеу барысында пайдаланылған жалғыз жаңа компонент – белсенді емес вирус.

«Инактивті вакцинаны дайындау технологиясы қарапайым. Ол басқа вакциналарға қарағанда қауіпсіз әрі тиімді әсер етеді. Вакцинаны егу нәтижесінде мықты иммунитет қалыптасады. Мысалы, ауырып, кейін сауыққан адамда пайда болатын иммунитетпен салыстыруға болады. Инактивті вакцинаны дайындау үшін пайдаланылған компоненттердің басым бөлігі ондаған жылдар бойы ғылыми тұрғыда пайдаланылып келеді. Олардың зияны болмаған. Сондықтан біз QazCovid-in әзірлеу үшін вакцинаның инактивті түрін таңдадық», – деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғалымы, вирусолог, доктор, профессор Леспек Кұтымбетов.

Бұған дейін вакцинаны әзірлеген ғалымдар, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Карин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин клиникалық зерттеулерден тыс, ерікті түрде отандық вакцинаны салдырған болатын. 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі


Астана қаласының Экономика-заң колледжі бүгінгі таңда мемлекеттік үлгідегі диплом беру құқығы бар, институционалдық және мамандандырылған тәуелсіз аккредитациядан өтті және №15001761 бас лицензияға ие.

© 2015-2022 Экономика-заң колледжі Астана қаласы, Қазақстан. 1999 жылы құрылып арнайы орта білімді кадрларды дайындау бойынша білім қызметін жүргізу лицензиясын алды.

Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru

Сайт жасаған Webmarka

Колледжде күндізгі және сырттай оқу формасына келесідей мамандықтарға қабылдау жүріп жатыр    ТОЛЫҒЫРАҚ...
Toggle Bar