Экономикалық-заң колледждің жаңалықтар

Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасының ауқымы 4 жаңа елге кеңейтілді

Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасының ауқымы 4 жаңа елге кеңейтілді

Стипендияларды тағайындау жүйесіне де өзгерістер енгізіліп жатыр.

Қазақстанда «Болашақ» білім беру бағдарламасы аясында студенттерді оқыту ауқымы 4 елге кеңейтілді. Олардың қатарына Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка кірді. Сондай-ақ тізімге Гонконг (Қытай) қосылды.

Осылайша, енді қазақстандықтар «Болашақ» бағдарламасы бойынша 27 елде оқи алады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл өтінімдерді қабылдау 4 мамырда басталып, 27 қазанға дейін жалғасады. Бүгінгі таңда қазақстандықтардан 158 өтініш келіп түскен.

Пандемияға қарамастан, Халықаралық бағдарламалар орталығы қазақстандықтар білім ала алатын шетелдік жоғары оқу орындарының санын ұлғайтты. Егер өткен жылы олардың саны 138 болса, 2021-2023 жылдары — 207 жоғары оқу орны қазақстандық азаматтарды оқуға қабылдауға дайын.

Бұл ретте, жоғары оқу орындарын іріктеу талаптары да күшейтіліп отыр. Мәселен, ЖОО үш халықаралық академиялық рейтингке кіруі тиіс.

Стипендияларды тағайындау жүйесіне де өзгерістер енгізіліп жатыр. Ол үш кезеңнен тұрады. Осылайша, маусым айында 90 стипендия, тамызда — 170 стипендия және қарашада — 125 стипендия бөлінеді. Бұл стипендияны осы кезеңге берілген өтінімдерге сәйкес біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның 555-і магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінеді. Тағы 500 стипендияны отандық ғалымдар алады.

gov.kz


Астана қаласының Экономика-заң колледжі бүгінгі таңда мемлекеттік үлгідегі диплом беру құқығы бар, институционалдық және мамандандырылған тәуелсіз аккредитациядан өтті және №15001761 бас лицензияға ие.

© 2015-2022 Экономика-заң колледжі Астана қаласы, Қазақстан. 1999 жылы құрылып арнайы орта білімді кадрларды дайындау бойынша білім қызметін жүргізу лицензиясын алды.

Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru

Сайт жасаған Webmarka

Колледжде күндізгі және сырттай оқу формасына келесідей мамандықтарға қабылдау жүріп жатыр    ТОЛЫҒЫРАҚ...
Toggle Bar