Мазмұнға өту
Құжат қабылдау — 25 маусымнан2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Құжат қабылдау: 25 маусым — 18 тамыз12 күн қалды2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Оқуға қабылдау — 31 тамызға дейінТізімдер мен жатақхана — қабылдау комиссиясында+7 (7172) 52-15-19WhatsApp
Келесі қабылдау — 2027 жылғы 25 маусымнан2026 жылғы гранттар: 4 біліктілік+7 (7172) 52-15-19WhatsApp

Колледж өмірі1 мин оқу

Экономика-заң колледжі тәуелсіз аккредитациядан өтті

Нұр-сұлтан қаласының Экономика-заң колледжі аккредиттеу стандарттарының барлық критерийлерін орындады.

2020 жылдың ақпан айында "Аккредиттеудің тәуелсіз Қазақстандық орталығы" коммерциялық емес мекеме (АТҚО) Нұр-сұлтан қаласының Экономика-заң колледжінде аккредиттеу рәсімін өткізді.

АТҚО қорытындысына сәйкес, Экономика-заң колледжінде үздік материалдық база бар, оған заманауи әрленген екі қабатты оқу корпусы, 50 компьютері бар 3 компьютер сыныбы, 2012 жылы салынған жаңа бес қабатты жайлы жатақхана кіреді. Сондай-ақ, колледждің лицензияланған мамандықтардың барлық бағыттары бойынша 15 мың данадан астам оқу және әдістемелік әдебиеттің жақсы қоры, ауданы 144 шаршы метр спортзал, 150 студентке арналған акт залы, лицензияланған медициналық кабинет бар. Колледждің оқытушылар құрамына 3 ғылым кандидаты — доценттер, 1 ғылым кандидаты — профессор, 5 магистр кіреді. Колледждегі оқу үдерісі техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына негізделген типтік жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Сондықтан Нұр-сұлтан қаласының Экономика-заң колледжі аккредиттеу стандарттарының барлық критерийлерін орындады.

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

Колледж өмірі

«Қамқор Астана» қорының лекторы 1-курс студенттерімен діни экстремизмнің алдын алу туралы әңгімелесті

Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасына қарасты «Қамқор Астана» қоғамдық қорының лекторы Мұратбек Дәрібай колледждің 1-курс студенттерімен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында әңгіме өткізді.

Өтінім беруСұрақ қою