02120100 «Интерьер дизайны» мамандығы. Кәсіби қызмет аясы: дизайнерлік және архитектуралық кешендер, фирмалар. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар: мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламаларын игеру нәтижесінде білім алушылар мамандықтың біліктілік деңгейлеріне тиісті базалық және кәсіптік құзыреттерді игеруі тиіс (орта буын маманы).
Оқу мерзімі:
- 9 класс базасында — 3 ж. 10 а.
- 11 класс базасында — 2 ж. 10 а.
02120100 «Интерьер дизайны» мамандығы. Профильді (бейімделген) пәндер
Интерьер дизайнері – Орта буын маманының базалық компетенциясы
- Болашақ өз мамандығынын мәнін және әлеуметтік керектігін түсініп, сол мамандығына деген нақты қызығушылығың арттыру;
- Экологиялық, құқықтық, ақпараттық және қарым-қатынастық мәдени білімді, сондай-ақ мемлекеттік және шетел тілдерін білу арқылы қарым-қатынасты дамыту;
- Жауапкершілікті талаптау, кәсіби қызметіндегі мәселелердің шешімін таба білу;
- Өз еңбектерің ғылыми ұйымдастыру қабілетінің болуы және кәсіби қызмет саласында заманауи компьютерлік техникаларды қолдана білу;
- Әріптестермен өзара тіл табыса білу және әрқашан оң көзқараста болу;
- Әрқашан кәсіби деңгейде өсуге дайын болу, білімің толықтырып, дамытып отыру;
- Жұмысты біліктілігі жоғары маманның жетекшілігімен орындау;
- Өзіндік ойлауын, техникалық және шексіз ойлауын, өзгеге ықпал етуін, проблемаларды шешуге қабілеттілігін, өзін, өзгені бағалау қабілеттілігін көрсету;
- Кәсіптік қызметінде кәсіпкерлік қызмет негіздерін және кәсіпкерліктің ерекшеліктерін білу.
Интерьер дизайнері – Орта буын маманының кәсіби компетенциясы
- Әр түрлі техникада интерьер нобайларын орындап шығу;
- Эргономиканы, түстік колорларды қолдана отырып дизайн-жобаны жасап шығару;
- Көрсету сызбаларын, интерьер перспективасын дұрыс көрсете білу жолдарын қолдану;
- Интерьерде заманауи құрылымдарды қолдану керек;
- Экологиялық таза материалдардан жобалар жасап шығару;
- Интерьер макеттерін жасап шығару;
- Эргономика, колористика ұстанымдарын пайдалана отырып дизайн жобаларын жасау;
- Фирмалық стиль жасап шығу;
- Плакаттар жасап шығу;
- Кітаптар макетін, оның ішінің суреттелуінің, әріптердің дұрыс орналасуын жетілдіріп шығару;
- Гравюраны орындау.