«Экономика-заң колледжі» мекемесіне оқуға қабылдау бекітілген Қабылдау Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Колледжге «Есеп және аудит», «Бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Құқықтану» мамандықтарына қабылдау ТҮСУ ЕМТИХАНДАРЫНСЫЗ жүзеге асырылады. «Интерьер дизайны» шығармашылық мамандығына түсу үшін арнайы шығармашылық емтихандар өткізіледі.
Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқыту (грант)
Биылғы оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту (стипендия төленетін бюджеттік топ) тек бір мамандық бойынша жүзеге асырылады:
- 02120100 «Интерьер дизайны» (біліктілігі: 4S02120103 «Интерьер дизайнері»)
Ақылы негізде оқыту
Келесі мамандықтар бойынша оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады:
- 04110100 «Есеп және аудит» (біліктілігі: 4S04110102 «Бухгалтер»)
- 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» (біліктілігі: 4S06130103 «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеуші»)
- 04210100 «Құқықтану» (біліктілігі: 4S04210101 «Заңгер»)
Колледжге негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білімі туралы құжаты (куәлік, аттестат) бар ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалар қабылданады.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына өтініштерді қабылдау келесі күндерде жүзеге асырылады:
- — 2025 ж. 25 маусымнан 18 тамызға дейін - негізгі білім беру базасында (9 сынып);
- — 2025 ж. 25 маусымнан 20 тамызға дейін - жалпы орта (11 сынып), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында.
- Ақылы негізде — 2025 ж. 25 маусымнан 25 тамызға дейін
Шығармашылық дайындықты талап ететін «Интерьер дизайны» мамандығы бойынша 25 маусымнан 20 шілдеге дейін.
Қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:
— Колледжге құжаттарды тапсыру кезінде:
- құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
- білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
- 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
- № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
- жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
— Порталға жүгінген кезде:
- көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) бірінің оның өкілінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
- білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе білім туралы құжаттың электронды нұсқасы;
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтамалар құжаттарының электрондық көшірмелері 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;
- көлемі 3х4 см сандық фотосурет, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасындағы Конкурс күнтізбелік жылдың 19-22 тамызы аралығында, жалпы орта білім беру, ТжКОББ базасында күнтізбелік жылдың 22-25 тамызы аралығында, ақылы негізде 26-28 тамызы аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 29 шілде мен 2 тамызы аралығында өткізіледі.
Бағалардың орташа балы:
- негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 — сынып) - үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан. «Интерьер дизайны» мамандығына түсушілер үшін-үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағалардан/балдардан (қажет болған жағдайда) және шығармашылық емтиханның бағаларынан;
- жалпы орта білімі, ТжКОББ бар түсушілер үшін — төрт пән: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан. «Интерьер дизайны» мамандығына түсушілер үшін - төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән (қажет болған жағдайда) және шығармашылық емтиханның бағаларынан;
- ейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін – төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндер(қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы), мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағалардан/балдардан (қажет болған жағдайда) және шығармашылық емтиханның бағаларынан қалыптасады.
Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік (жұмысшы біліктілік), орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар орта буын мамандықтарына түсетін адамдар үшін әңгімелесу жүргізіледі.
Колледж студенттерінің құрамына қабылдау — 2025 жылдың 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Байланыс Астана қаласының экономикалық-заң колледжі
"Экономика-заң колледжі", Астана қ., Сембинов к-сі, 23 ("Автопарк №2" аялдамасы, авт. № 5, 8, 14, 1, 22, 40, 64, 72)
Тел:+7(7172) 52-15-19, 52-15-18