Экономика-заң колледжіне оқуға түсушілерге өтінішпен қоса:
- Колледжге түсушілер қабылдау туралы өтінішімен бірге білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, №086-У формасы бойынша медициналық анықтама мен флюросуретті (I және II топ мүгедектері және бала кезінен мүгедектер – медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын),
- 3x4 өлшемді 4 фотосуретті,
- ал ағымдағы жылы жалпы білім беретін мектеп түлектері ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу нәтижелері туралы сертификатты тапсырады.
- Түсуші тұлғасын растайтын құжаттарын өзі тапсырады (жеке куәлік, төлқұжат немесе туу туралы куәлік).
- Оқу түрлері бойынша түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және есептеледі.
Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар тұрғылықты орны бойынша тіркелу туралы белгісі бар статусын анықтайтын құжатты ұсынады:
- шетел азаматы – ҚР-да тұру рұқсаты;
- азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
- босқын – босқын куәлігі;
- пана іздеушілер – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
- оралман – оралман куәлігі.
ҚР-да уақытша тұратын адамдар тұлғасын растайтын құжаттардың көшірмесін немесе миграциялық карта көшірмесін ұсынады.
Кешенді тестілеу сертификатын (ағымдағы жылы жоғары оқу орындарына түсу үшін кешенді тестілеуге қатысқан алдыңғы жылғы түлектер) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификаты (ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру түлектері) ұсынған тұлғалар қабылдау емтихандарынан босатылады және 100 тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес байқауға жіберіледі.