2019 жыл экономика-заң колледжі үшін өте табысты болды. Осылайша, түлектердің 17%-ы үздік диплом алды.
Біздің колледж оқытушылары Ж. Т. Сүлейменов (заң пәндерін оқытады, ҚР ІІМ запастағы подполковнигі), С. З. Раздықов (тарих ғылымдарының кандидаты, көптеген оқулықтар мен ғылыми-педагогикалық мақалалардың авторы), Д. А. Зиядина (экономика ғылымдарының магистрі) және т.б. жақсы кәсіби білімдерін көрсетті.
Диплом тапсыру рәсіміне түлектер ғана емес, ата-аналар, оқытушылар, жұмыс берушілер қатысты.
Колледж директоры, профессор және Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Г. Т. Әубәкіров мерекеге қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, түлектерғе табысты кәсіби өсу, таңдаған мамандығына деген адалдық, өз күшіне деген сенімділік және қарапайым адам бақытын тіледі. Сондай-ақ, ол білім беру түлектері үшін үздіксіз процесс болуы керек екенін атап өтті және жаңа кәсіби биіктікке жетуге,
жоғары білікті мамандар болуға, өз ісінің нағыз мамандары болуды тіледі.
Қазіргі уақытта бітірушілерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсету бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Колледжге жұмыс берушілерден 2019 жылғы түлектер қатарынан жұмысқа қабылдау үшін үміткерлерді іріктеуге өтініштер келіп түсуде.
Жұмыс берушілер жіберілген кандидаттармен әңгімелесуді белсенді түрде жүргізеді. Оң нәтижелер бар: кейбір түлектер іріктеуден сәтті өтті және оларды жұмыс орындарында күтіп отыр, жекелеген түлектер жұмысқа қабылданды.