Қазіргі өзгерістер білім беру сапасын арттыруға бағытталған – Асхат Аймағамбетов

Қазіргі өзгерістер білім беру сапасын арттыруға бағытталған – Асхат Аймағамбетов

Білім беру саласында сапаны арттыру және дамытуға бағытталған жоспарлы жүйелі өзгерістер жүргізіліп жатыр.

Білім беру саласында сапаны арттыру және дамытуға бағытталған жоспарлы жүйелі өзгерістер жүргізіліп жатыр. Педагогтердің мәртебесі мен материалдық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ҚР БҒМ кеңейтілген алқа отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«Президенттің тапсырмасы бойынша 2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады. Енді мұғалімдер жұмысқа конкурс арқылы қабылданатын болады. Сонымен қатар педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша білім алған түлектер алғаш рет жұмысқа қабылданатын кезде сертификаттаудан өтуі тиіс. Яғни өзіндік үлгідегі диплом алған соң сертификациядан өтеді. Сондай-ақ педагогикалық бағыттар бойынша оқуға түсетін азаматтарға қойылатын талаптар күшейтілді: егер бұрын олар үшін шекті балл 50, кейін 70 балл болса, биыл шекті бал 75-ке дейін ұлғайтылды», – деді Министр Асхат Аймағамбетов.

Өткен жылы "Педагог мәртебесі туралы" Заңға сәйкес мұғалімдердің жалақысы айтарлықтай өсті. Олар сондай-ақ өздеріне тән емес функцияларды орындаудан және артық есептіліктен босатылды. 2021 жылы барлық өңірде педагогикалық этика және педагогтердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер құру жоспарланып отыр.

Министрліктің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім беру сапасын арттыру. Осылайша, ведомство мен әкімдіктер балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды одан әрі арттыру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Жекеменшік балабақшалар желісін дамыту ваучерлік қаржыландыруды енгізу есебінен кеңейтілетін болады. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленді, ол "Ойын арқылы оқыту" қағидатына негізделген.

Ауылдық және қалалық мектеп оқушылары арасындағы білім сапасы бойынша алшақтықты азайту – білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі. Жетекші оқу орындары ауыл мектептеріне әдістемелік көмек көрсетіп, олармен тәжірибе алмасатын болады.

«Біз дарынды балаларды қолдау бойынша жұмысты жалғастырамыз. 2020 жылы оқушылар халықаралық олимпиадаларда 437 медаль жеңіп алды. Республикалық пәндік олимпиадалар мен Президенттік олимпиаданың жаңа форматын енгізуді жоспарлап отырмыз. Олимпиадалар электрондық жүйелерді қолдана отырып, прокторинг және трансляциялар арқылы өткізілетін болады. Ауыл оқушылары үшін «Мың бала» ұлттық жобасын іске асыру жалғастырылады. Сондай-ақ балалардың зияткерлік және шығармашылық дамуы үшін қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік және жекеменшік дамыту орталықтарында орналастыратын боламыз», – деді министр.

2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару және білім беру ұйымдарын қаржыландыру облыстық деңгейге өтіп жатыр. Бұл өзгерістер өңірлер арасындағы білім бойынша алшақтықты төмендетуге, сондай-ақ жергілікті деңгейде жеткілікті қаржыландырумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ мектеп директорларын тағайындау тәртібі өзгеріп жатыр, бұл білім беру ұйымдарындағы басқару сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Соңғы уақытта білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау тәртібі туралы сұрақтар саны артып келеді. Біз балабақша меңгерушілерін, мектеп, колледж директорларын жаңа жүйе бойынша тағайындайтын боламыз. Сонымен қатар алдағы уақытта ротация институты енгізіледі», – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында да оң өзгерістер болып жатыр. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылып жатыр. Жоба жастардың алғашқы жұмысшы мамандығын алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

«Біздің алдымызда дуалды оқытуды дамыту міндеті тұр. Сондай-ақ колледждерге академиялық еркіндік беріледі. ТжКБ жүйесінде жұмыс берушілермен бірлесіп әзірленетін заманға сай білім беру бағдарламалары енгізілетін болады. Былтыр "Жас маман" жобасы жүзеге асырылып, оның аясында 80 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. 100 колледждің МТБ жаңартылады деп жоспарланып отыр. Бұл бағыттағы жұмысты жоспарға сәйкес жүргізіп жатырмыз», – деп атап өтті БҒМ басшысы.

Бұдан бөлек, заңнамалық деңгейде уәкілетті органның колледждерде оқу мерзімдерін белгілеуі туралы норма алынып тасталды. Кадрлардың еңбек нарығына жылдам араласуын қамтамасыз ету үшін оқыту ұзақтығын қысқарту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ жоғары білім беру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекеттік білім беру грантының құнын 340 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін ұлғайту оқытушылардың жалақысын көтеруге және жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын күшейтуге мүмкіндік береді.

gov.kz


Экономико-юридический колледж (Астана, Казахстан) прошел институциональную и специализированную независимые аккредитации и имеет бессрочную Генеральную лицензию №15001761 с правом выдачи дипломов государственного образца.

© 2015-2022 Экономико-юридический колледж (Астана, Казахстан). Колледж — один из первых некоммерческих учебных заведений столицы Казахстана, был создан и получил бессрочную лицензию на ведение образовательной деятельности в 1999 году.

Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru

Сайт разработан в Webmarka

Колледж объявляет прием абитуриентов на 2024-2025 учебный год ПОДРОБНЕЕ...
Toggle Bar