Асхат Аймағамбетов: Вакцинаны әзірлеу — ғалымдарымыздың жеңісі


    Құрылды / Жаңартылды

    08.04.2021 | 17:47
    28.05.2021 | 17:50


    Просмотров

    49

Асхат Аймағамбетов: Вакцинаны әзірлеу — ғалымдарымыздың жеңісі

50 мың доза көлеміндегі вакцинаның алғашқы партиясы 2021 жылғы сәуір айының соңында қолжетімді болады.

Отандық QazVac (QazCovid-in) вакцинаcы клиникалық зерттеулердің соңғы үшінші кезеңінен өтіп жатыр. 50 мың доза көлеміндегі вакцинаның алғашқы партиясы 2021 жылғы сәуір айының соңында қолжетімді болады.

«Вакцинаны жасау және оның үшінші кезеңге жетуі ғалымдарымыздың жеңісі деп білемін. Бұл жетістік ғылым саласындағы биологиялық қауіпсіздік бөлігіндегі зор әлеуетімізді көрсетеді. ҚР БҒМ Ғылым комитетіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында мол тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ғалымдар жұмыс істейді. Ғылымның осы бағытын дамыту және институтты қолдау үшін кешенді шаралар қабылданып жатыр. Мен ғалымдарымызды қолдауға шақырамын, олар бұған лайық», — деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

gov.kz


Экономико-юридический колледж (Астана, Казахстан) прошел институциональную и специализированную независимые аккредитации и имеет бессрочную Генеральную лицензию №15001761 с правом выдачи дипломов государственного образца.

© 2015-2022 Экономико-юридический колледж (Астана, Казахстан). Колледж — один из первых некоммерческих учебных заведений столицы Казахстана, был создан и получил бессрочную лицензию на ведение образовательной деятельности в 1999 году.

Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru

Сайт разработан в Webmarka

Колледж объявляет прием абитуриентов на 2024-2025 учебный год ПОДРОБНЕЕ...
Toggle Bar