Отандық QazVac (QazCovid-in) вакцинаcы клиникалық зерттеулердің соңғы үшінші кезеңінен өтіп жатыр. 50 мың доза көлеміндегі вакцинаның алғашқы партиясы 2021 жылғы сәуір айының соңында қолжетімді болады.
«Вакцинаны жасау және оның үшінші кезеңге жетуі ғалымдарымыздың жеңісі деп білемін. Бұл жетістік ғылым саласындағы биологиялық қауіпсіздік бөлігіндегі зор әлеуетімізді көрсетеді. ҚР БҒМ Ғылым комитетіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында мол тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ғалымдар жұмыс істейді. Ғылымның осы бағытын дамыту және институтты қолдау үшін кешенді шаралар қабылданып жатыр. Мен ғалымдарымызды қолдауға шақырамын, олар бұған лайық», – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.